Айыппұл салу баланы сырадан тыя ма? - 3 Февраля 2010 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:44
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Ақпан 2010  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2010 » Ақпан » 3 » Айыппұл салу баланы сырадан тыя ма?
    17:54
    Айыппұл салу баланы сырадан тыя ма?
     

    Былтыр көше мен қоғамдық орындарда сыра ішуге және түнгі уақытта жеткіншектердің ойын-сауық орындарында жүруіне заңды түрде тыйым салынғаны белгілі. Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген өзгерістерге сай, сағат кешкі 23-тен таңғы 8-ге дейін алкогольдік өнімдерді 21 жасқа жетпеген жастарға сатуға болмайды. Заң өз күшіне енген күннен-ақ, қоғамда оның да қағаз жүзінде қалуы мүмкін деген күдік туындаған болатын. Өйткені заңды белден басып кеткісі келетіндердің әр кез табылатыны анық.
    Ішкі істер министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, сол уақыттан бері қоғамдық орындарда сыра ішкені үшін 30 мыңнан аса құқық бұзушылар тәртіп сақшыларының қырағы көзіне ілінген. Соның ішінде 5 мыңға жуығы кәмелеттік жасқа толмағандар. Сондай-ақ 2 мыңнан аса ата-ана балаларының түнгі уақытта көңіл көтеру орындарында жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Ойын-сауық мекемелерінің иелері де жауапкершіліктен тыс қалмаған. Министрліктің мәліметтері бойынша, өзгерістер енгізілгелі бері 500 кәсіпкерге 1 миллионнан аса айыппұл салынған. «1 миллион» айыппұлды 500 кәсіпкерге шақсақ, олардың қалтасынан бар болғаны 2 мың теңгеден айналады екен. Ойын-сауық мекемелерінің иелеріне талай мыңды тастап кететін жас «клиенттен» айырылғанша, айыппұлды төлей салған әлдеқайда тиімді емес пе? Осы жерде өз перзентін үйде ұстап тұра алмаған ата-анаға емес, жастардың арқасында пайда тауып отырғандарға салынатын айыппұлды көбейту керек болар. Бүгінде айыппұлдың көлемі 5 айлық көрсеткіштен 120 АЕК-ке дейін жетеді. Егер өтемақының көлемін жасөспірімдерден түсіретін пайдадан бірнеше есе өсірсе, мүмкін, олар да қоғам алдындағы жауапкершілігін тереңірек түсінер.
    Құқық бұзушылардың көп болуы заңның өз деңгейінде орындалмай жатқандығының көрсеткішіндей. Жасөспірімдердің түнгі «жорығын» тыю үшін құзырлы мекемелер заңды тағы да қатайта түсуді ұсынып отыр. Олар дайындаған жобаға сәйкес, түнгі 11 мен таңғы 6-ға дейін ата-анасыз далада (тұрғын үйден тыс) жүрген балаға қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастылырған. Егер министрліктің өзгерістері енгізілетін болса, түнгі уақытта көшеде қараусыз жүрген балаңыз үшін жауап беретін боласыз.
    Қазақстан халқының ішімдікке әуестенуі жылдан-жылға артпаса, кеміп отырған жоқ. Оның үстінен сырашылдар уақыт өткен сайын «жасарып» барады. Сыраны өзге ішімдіктерден 2 есе көп тұтынудың кесірінен ұрпақ денсаулығына орны толмас шығын келуде. Сыраны көп ішу - семіздікке апаратын бірден-бір жол. Дәрігерлер сырадан болатын зиян туралы қанша шырылдаса да, статистика өзгеріссіз қалып тұр. Қоғамдық орындарда сыра ішуге тыйым салғанымызбен, оны сатуға тосқауыл қоя алмай отырғанымыз анық. Кез келген бұрышта «разливное пиво» деген жазу айғайлап алдыңнан шыға келеді.
    Алматы қалалық жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры Дәурен Мұхамеджановтың пікірінше, егер қоғамның өзі бұл мәселенің шешілуіне мүдделі болып, жастар белсене атсалыспаса, үлкен нәтиже болмайды: «Белгілі бір деңгейде жастардың қалтасына салмақ түсіретіндей айыппұлдың салынуы дұрыс. Бірақ ондай шаралар көпшілікке әсер ете қоймайды.
     
    Сондықтан жастардың өздері белсене отырып, осы бағытта түрлі акцияларды өткізуі маңызды. Қоғамдық ұйымдар арқылы жұмыс істеген тиімді. Осы бағытта өткізілген шаралар кеңінен насихатталуы қажет. Жастардың өздері мүдделілік танытпаса, заң шығарылған жерінде қалып қоюы мүмкін. Бізде жүзеге аспай жатқан қаншама заңнама бар. Сондықтан бұл да солардың қатарын толтырмас үшін кешенді шаралар қажет», - дейді Дәурен Мұхамеджанов. Егер ішімдікке үйірлікті төмендетеміз десек, оның кез келген жерде сатылмауын қадағалау қажет. Телеарналардан тынымсыз берілетін жарнаманың да әсері аз болмай тұрғаны анық. Сондықтан келешек ұрпақтың денсаулығы мен қоғам тыныштығын ойласақ, тек ойын-сауық орындарында рейд жүргізіп, айыппұл салумен шектелмей, кешенді шараларды қолға алған әлдеқайда тиімді болар еді.

    Үмітжан Жапар
    http://www.aikyn.kz/
    Просмотров: 728 | Добавил: наркология | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz