Айта-айта арақтан да ұят болды. - 6 Декабря 2009 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:47
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Желтоқсан 2009  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2009 » Желтоқсан » 6 » Айта-айта арақтан да ұят болды.
    08:28
    Айта-айта арақтан да ұят болды.
     
     
     
     
    Баяғы да бір атамыз қорадағы аз ғана малына «қасқыр тимесін» деп, күн батып, қараңғы қоюланған сәттен бастап, ағарып таң атқанға дейін айғай салып шығады екен. Содан бір күні әлгі қария: «айғайлай-айғайлай қасқырдан да ұят болды-ау» деп, шын көңілден қынжылыпты. Сол сияқты арақ жарықтық туралы аз айтылып жүрген жоқ. Келмеске кеткен Кеңес үкіметі де «ойбайлап» бақты. Содан болып түзеліп кеткен жұртты көрмедік... «Баяғы жартас, сол жартас... одан да шықты жаңғырық...» (Абай)
     
    Бір таңданатын жағдай әлемннің барлық мемлекеті арақты жаман дейді. Сөйте тұра өндіре береді. Себебі: соңғы екі ғасырда арақ өндіруден түсетін табыс мөлшері – ішкі өнімнің 20-25 пайызын құрайды екен. Тіпті кейбір жылдары 40-45 пайызға дейін көтерілген кездері де болыпты. Бір қызығы әлемде арақ өндірмейтін мемлекет (бірнеше араб елдерінен басқа) тағы жоқ. Тіпті экономикасы құлдырып өнім өндіруге қауқары жоқ елдердің өзі басқаға шамасы жетпесе де арақ өндіреді екен. Қазіргі таңда социологиялық сараптаушылардың пікіріне қарағанда дүниежүзіндегі барлық адамның 65-70 пайызы қандай бір ішімдіктің түрін қолданады.
     
     
    Әсіресе бұрынғы Кеңес одағының құрамында болған мемлекеттер арақ ішу жағынан көшбасшылық қабілетінен әлі айырыла қоймапты. Оның ішінде біз де бармыз. Мысалы, Астана қалалық статистика басқармасының өткен жылғы дерегіне сүйенсек: елорда да жыл бойы сатылған арақ өнімдерінің мөлшері жан басына шаққанда әр астаналықа 12 литрден тиесілі болыпты. Халықаралық сараптаудың негіздемесінде бұл көрсеткіш 8 литрден асқан жағдайда ондай қала тұрғындарының болашағы күмәнді деп есептеледі екен. Біз осындай қатерлі жағдайға келіп қалған көрінеміз. Бұл дабыл қағатын жағдай.
     
    Бірақ... Сол сияқты АҚШ-тың Вашингтон университетінің докторы Анн Стрейгсгуз дейтін ғалым Питербург университетінің мамандарымен бірлесіп 700 жүкті әйелге тәжірибе жасап көрген. Осындағы қортындыға қарағанда, аз мөлшерде болсын ішімдік керектенетін әйелден туған балалардың 89 пайызы әлжуаз болады екен. 84 пайызы болашақта психологиялық ауытқуға ұшырайтын көрінеді. 80 пайызының дене бітімі табиғи даму сатысынан қалып қояды. 40 пайызының есту қабілеті нашарлайды, 25 пайызы көз жанарынан ерте айырылады т.б.
     
     
    Жалпы дәрігерлердің айтуына қарағанда ішімдіктің салдары сіңген сәбилердің бойынан 850-ден астам әртүрлі дерттің іздері табылады. Одан кейін арақтан болатын өлім-жітімді, қылмыстық оқиғаларды айтпай-ақ қойдық. Бұл жағдай қазір екінің біріне аян. Тек ғана бір факт. Өткен жылы қала іргесінде орналасқан № 10/166 еңбекпен түзеу мекемесіне бас сұғып шықтық. Осында тәрбиеленіп жатқан 800-ден астам адамның 60 пайызы ауыр қылмыстылар екен. Бір сөзбен айтқанда 20 жылдан жоғары жаза жүктегендер. Осылардың 75 пайызы адам өліміне қатысқан. Әрі түгелдей дерлік мас күйінде қылмыс жасағандар. Тіпті 75 жастағы белі бүкірейген қарияны кездестірдік. Қысқасы ақсақал арақ ішіп келіп көп жыл отасқан кемпірін балтамен шауып тастаған... Арақтың лаңы жайында таңды-таңға жалғап айтуға болады. Бұл таусылмайтын жыр. Тіпті бұдан мың жыл бұрын да айтылған...
     
    Арақ жайында жазылған әмбия қисса Осыдан мың жыл бұрын көне шағатай тілінде жазылған «Қиссас-ул әмбия» атты кітап бар. Осында арақтың адамға әсер ететін субати (сыртқы) сипаты жайында шағын тәмсіл жазылған. Сонда айтады: арақ адамның алғашында көңілін көтеріп, көкірегіне кең сарай ашады. Қан тамырына ыстық нәр жүгіртеді. Реңі түрленіп, сөзі түлейді. Жан-жағына масаттана қарап сезімі құлпырады, сұлу сөзді суша сапырады. Бұта басында отырып сайраған бұлбұл құсқа айналады. Екінші сипат –аздан кейін арақ басына шығып, өзінен-өзі ыржалақтып күле бастайды. Іс-әрекеті мен қимыл-қозғалысы үйлесімін жоғалтады. Ең бастысы жүзіндегі ұяты сөнеді, жүрегіндегі ары өшеді. Бұлғақтап-қылжақтап маймылға айналып шыға келеді. Үшінші сипат – арақ жүрегіне шабады. Сондағы шайтани нәпсіні түртеді. Ол дереу қанды қуалап тұлабойын қыздырады. Миында хайуани жыртқыш сезімдер оянады. Бір сәтте арыстанға айналып шыға келеді. Маңайындағы адамдар ақ қоян, көк қоян сияқты көрініп түгелдей үкімін жүргізгісі келіп, айбат шегеді. Ақырып-бақырады, ғайбат айтып лағынет қамытын киеді. Төртінші сипат – осының бәрін өткізіп болып соңында есінен танып, құлап балшықта аунап жатады. Бұл ең төменгі доңыз-шошқа сипатына айналғаны. Көне кітап осылай депті. Арақ адамды аз уақыттың ішінде адамнан аңға айналдырады екен.
     
     
    Қазір әлемнің көптеген мемлекеттерінде «Алкоголь өнімдерін тұтыну жайында» арнайы заң қабылданып жатыр. Ұрпақ болашағын ойлайтын үкімет осылай жасамақ керек. ҚР Қаржы министрлінің өткен айдағы мәліметіне қарағанда жоғардағыдай шара біздің елде де қабылданып жатқан сыңайлы. Аталмыш министрлікте «Алкогольды өнімдер туралы» заңның жобасы әзірленіп жатыр. Егер оны заң шығарушы органдар құп көріп, Елбасы бекіткен жағдайда кез-келген дүкен-дүңгіршек ішімдік сату құқынан айырылады. Алкогольды өнімдер тек ғана арнайы магазиндерде сатылатын болады. Арақ күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдерімен бір қатарда тұрмайды... Сонымен қатар Қаржы министрлігі ішімдік өндіретін кәсіпорындарды бақылаудың жаңа автоматтандырған жүйесін құру мәселесімен де айналысып жатыр. Осы арқылы өнімнің тазалығы мен сапасын бақылап, өндіру мөлшеріне шектеу қоюға болады.
     
    Жалпы ішімдік мәселесінде шешілмеген түйіндер көп. Алкогольды өнім мемлекеттің экономикалық қаржы қорының айнылымына елеулі әсер етеді. Ішкі өнімнің елеулі пайызын құрап отырғанын да жоғарыда айтып өттік. Бұл пайдалы жағы. Ал қасіреті де бастан асып жатыр. Келесі бір ойланарылық дүние арақ-шарапты өндіруге, оны саудалауға толық тиып салған ислам елдерінің қаржылық жағдайы арақ сататын бізден әлде қайда артық. Соған қарағанда арақсызда жан бағуға болатын сияқты. Әрі қазіргі таңда болашақ ұрпақты ішімдік пайдаланудан сақтандыратын бірден-бір жол ислами тәрбие делінуде.
     
    Арақ харамның атасы Атақты ислам шейхы Әбу Лайс Самарханди өзінің ислам әдептері жайында жазған бір еңбегінде: арақтың ең жаман бірнеше қасиетін атап көрсетіпті. Атап айтқанда, арақ адамды жындыға айналдыралды, ысырапшылдыққа ұрындырады, ағайын-туыстың арасын ашады т.б депті. Адамзаттың ардағы Мұхамед (с.ғ.с) пайғамбар: «Ішкіліктен сақтаныңдар ол барлық жамандықтың басы» деген екен. Осы сияқты ислам ғұламаларының фатуасы мен ілімі бойынша арақ ішкен адамның бойында 40 күнге дейін иман болмайды. Алда –жалда осы кезде қаза тапса имансыз болып есептеледі. Бұл қазіргі медицина тарапынан да дәлелденіп отыр.
     
    Дәрігерлердің айтуы бойынша ішімдік қолданған адамның қанында алкогольдық заттар 40 күнге дейін сақталдады екен. Бұл пікірді атақты хадисші-ғалым Имам Суютыйда өзінің еңбектерінде парыз бен сүннетке негіздей отырып, дәлелдеп жазады. Әрі ғалымның пікірінше арақ ішкен адамнан періште қашады. Періштесіз пенде пәле-жала, қақ-соққа көп ұрынады. Өйткені, ол өзін қорғап тұратын, сақтықты есіне салатын періштелердің қамқорынан ажырып қалған. Ең құнды дәлел Құран кәрімде: «Негізінен шайтан арақта, құмар ойында араларыңа дұшпандық салуды қалайды» («Майда» сүресі, 91-аят) дейді. Осылай арақ Құран сөзімен харамдалған. Атақты Осман ибн Аффан хазіреті: «Арақ харамның атасы» депті. Одан кейін тағы да сүйікті пайғамбарымыздың (с.ғ.с) Алланың атымен айтамын – деп басталатын хадисінде: арақ Тауратта, Інжілде, Забурде, Құранда лағынетталған. Кімде-кім біреудің арақ ішуіне жәрдемдессе оның теріс жолға түсуіне себепкер болғаны.
     
    Шариғат бойынша бұл адам өлтіргенге тең келетін күнәлар қатарына жататын құбылыс. Кімде-кім арақ ішуші топпен бірге жүрсе қияметте екі көзі көр соқыр болады, дейді. Сонымен қортындылап айтқанда, адам баласы арақтан алыс болмақ керек. Осыдан неше мыңдаған жыл бұрын ацтек, мая мәдениеттерінің негізін қалаған, ішкі дүниетанымында ғарыштық болмыстың ахылық бейнесі бар тайпалардың түбіне ХІҮ-ХҮ ғасырларда еуропалықтар апарған отты су (арақ) жетті. Оның бер жағында ібір-сібірді жайлап жатқан байырғы этностардың бүгінгі аянышты ахуалына бірден-бір себеп тағы да осы қу арақ. Бүгінгі таңда тәуелсіз қазақ елінде өмір сүріп жатқан қазақ азаматының сипаты қандай болу керек, дейтін концепция қабылдар болсақ: оның ең бірінші шарты ретінде арақ ішпеуді ұсынар едік. Арақтан алыс жүрген адамның – отбасы тыныш, ырысы халал, ұрпағы аман, ақылы толық, иманы берік болары хақ. Ондай адам тәуелсіздігін де қорғайды, халқында сыйлайды, Алланың аманатында ұмытпайды.
     
    Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ

    Хабарды орнатқан: Гүлдер «Мәссаған» сайтынан

    Просмотров: 1000 | Добавил: наркология | Теги: арақ, шариғат, әмбия қисса | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz