6-сынып оқушысы мектепке мас келген - 28 Января 2011 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:42
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Қаңтар 2011  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2011 » Қаңтар » 28 » 6-сынып оқушысы мектепке мас келген
    20:08
    6-сынып оқушысы мектепке мас келген
     
    Ермек ҚАРАБАЛА.
    Қарағанды облысында алтыншы сыныптың оқушысы мектептің жанындағы дүкеннен сатып алған қолдан жасалған араққа уланып қалды. Масқара болғанда ол сабақтың үстінде есінен айырылып құлап түскен. Дереу келіп жеткен дәрігерлер Денистің араққа уланғанын болжайды. Ауруханада дәрігерлердің күдігі расқа шығып бесіктен белі шықпаған баланың шынымен де араққа уланғаны анықталады. Октябрь аудандағы орталық аурухананың дәрігерлері 12 сағат бойы ажалмен күресіп баланы аман алып қалды. «КП» газетінің хабарлауынша, бұл жайт жұрттың төбесінен жай түскендей етіпті. Мұғалімдер мен мектеп оқушыларының барлығы дәл Денистен мұндай қылықты күтпегендерін айтады. Әкесі мен шешесі де аң-таң. «Апам да аң-таң, мен де аң-таң» дегеннің кері келіп тұр. Мектеп те ата-ана да баланың тәрбиесін қай кезде уыстарынан шығарып алғанын білмей мәңгіріп отыр. Оның портфелінен жарты бөтелке арақ пен бір бөтелке сусын тауып алған әкесінің сенбеске лажы қалмапты. Ал Денис арақты жетінші сыныпта оқитын қызға өзінің «жігіт» екенін дәлелдеу үшін ішіпті. Ана селтеңдеген қыз «арақ ішсең жігіт екеніңе сенемін» десе керек. Аудан орталығын ұлар-шу қылған оқиғаның барысы алдағы тәртіптік кеңесте қаралатын болады. Онда мектеп басшылығы, ата-ана, әсіресе 200 теңгені алып бүлдіршіннің қолына арақ ұстата салған дүкен сатушысының да жауапкершілігі қаралуы тиіс. Аң-таң болатын ештеме жоқ. Қатты жаза керек. Мектеп оқушыларының бірі асылып, бірі уланып өліп жатыр. Ал, ешбір директор бұл үшін орнынан кеткен жоқ. Бұл не қылған селт етпейтін қоғам?! Неге мектеп басшылығы түгелдей орнынан алынып, өзгелерге сабақ болмайды. Мәселен, бір айдың ішінде екі бала асылып өлген
     
    Алматы қаласындағы Ұлжан шағын ауданындағы №152 орта мектептің директоры әйтеуір келген комиссияның көңілін тауып, екі рет те жазадан аман қалды. Ең қызығы ол кісі өздеріндегі мінді тауып, кеткен кемшілікті түзетудің орнына мектепке көз тиген деп санап, «қасиеті бар» біреді әкеліп адыраспанмен аластатыпты. Алайда, ол кісі, ол кісі ғана емес, барлық мектеп директорлары парақорлық жайлаған жерде қайғы-қасіреттің де ере жүретінін ұмытпауы керек. Бұл – аксиома. Тіпті, ғалымдар да жер сілкінісі кезінде сыбайлас-жемқорлық кең етек жайған елде өлім-жітім көп болатынын анықтап отыр емес пе. Неге директор кінәлі емес? Балалардың оғаш істерге баруы мектептегі тәрбие ісінің ақсап жатқанын, әсіресе әлеуметтік педагогтардың жұмысының әлсіздігін білдіреді. Әлеуметтік педагогтардың көпшілігінің ешқай жерге жұмысқа орналаса алмаған соң таныр-тамыс арқылы мектепке келген біліксіз мамандар екенін де әлеуметтанушылар нақтылап берді. Ал оны жұмысқа алған кім? Директор. Оның орынбасарлары. Оның параға ұсынған ақшасын алатын кім? Директор. Оның орынбасарлары. Ата-анадан ақша жинайтын кім? Директор. Оның орынбасарлары. Қымс етсе мұғалімдерден бірдеме дәмететін кім? Директор. Оның орынбасарлары. Ендеше, неге олар кінәсіз болуы керек? Оқушысы оғаш іске барған мектептің басшылығы орнында қалуға моралдық тұрғыда құқы жоқ. Оларды жұртқа әйгілеп отырып қызметінен алып, білім беру жүйесіндегі былық-шылықты түзетпей болашағымыз бұлыңғыр болмақ. Қоғам осыны талап етуі тиіс.
     
    http://masa.kz/
    Просмотров: 601 | Добавил: наркология | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz