1 миллиард адамның ажалы-темекіден - 5 Декабря 2009 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:45
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Желтоқсан 2009  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2009 » Желтоқсан » 5 » 1 миллиард адамның ажалы-темекіден
    20:43
    1 миллиард адамның ажалы-темекіден
     

    Егер жарнамалық тұрғыда насихат жасауға тыйым салынбаса, ғасыр соңына дейiн 1 млрд. пенде темекiнiң құрбанына айналады. Ал шылым шегетiндердiң 95 пайызы өкпенiң қатерлi iсiгiне ұрынады екен. Жер шарындағы 2 миллиард жасөспiрiм мен жастардың санасы никотинмен уланған. Қазақстанда бұл көрсеткiш — 120 мың. Сорақысы сол, жыл сайын 25 мың, күн сайын 70 отандас темекiнiң кесiрiнен туындаған дерттен көз жұмады...


    Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәлiметiне сүйенсек, Жер шарындағы 2 миллиард жас темекiнiң түтiнiмен уланған. Ал Қазақстан халқының 27 пайызы (4 миллион адам) темекi тартады. 4 миллионның 600-ден астамы қыз-келiншек болса, 120 мыңы — 13-15 жас аралығындағы жасөспiрiмдер. Отандастарымыздың басым бөлiгi 20-ға толмай жатып, шылымның "дәмiн” татады екен. Сорақысы сол, елiмiзде жылына — 25 мың, күн сайын 70 пенде темекiнiң кесiрiнен туындаған дерттерден көз жұматын көрiнедi. Қазiр адамдардың, әсiресе, өскелең ұрпақтың шылым шегуге әуестенуiне жарнаманың тигiзер ықпалы көп. ДДСҰ өкiлдерi әлемдегi барлық мемлекеттiң үкiметтерiн темекiнi жарнамалауға заң жүзiнде қатаң тыйым салуға шақырды. Халықаралық ұйым өкiлдерi жүргiзген зерттеу жұмыстары балалар темекi тартуды неғұрлым ерте бастаса, никотиннен бас тарту соғұрлым қиынға түсетiнiн дәлелдедi. ДДСҰ ұйымдастырған бағдарламалардың бiрi — Tobacco Free Initiative жетекшiсi Дуглас Беттчер Жер шарын мекендейтiн тұрғындардың небары 5 пайызы ғана темекiнi әспеттейтiн жарнамалық дүниелерден аулақ екендiгiн айтады. Ал қалған 95 пайызы темекiнi насихаттаған жарнамадан күнi-түнi көз ашпайды. Егер тиiстi шаралар қолға алынбаса, ғасыр соңына дейiн 1 миллиард адамның ажалы темекiден болмақ.
    Темекi — адамдардың өлiмiне себеп бола тұра, заң жүзiнде тұтынуға рұхсат етiлген әлемдегi жалғыз өнiм. Езуiне шылым қыстырғандардың үштен бiрi, кейде тiптi, тең жартысы ажалынан 15 жыл бұрын өледi екен. Олардың 95 пайызынан астамы өкпенiң қатерлi iсiгiне ұшырайды. Бүгiнде Қазақстандағы емханалар мен ауруханалардың барлығында дерлiк темекiнiң зияны мен келешек ұрпаққа төндiретiн қаупi туралы айтылған ескертулер iлiнген. Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары бүкiл әлем бойынша, 1,8 миллиард жастың (10-24 жас аралығы) темекi тартатынын айтады. Өкiнiшке қарай, бұл көрсеткiш уақыт өткен сайын арта түспесе, кемiмесi анық. Өйткенi, нәпақасын темекi өндiрiсiнен айыратындар тұтынушылық нарық аясын кеңейтуге, яғни, кәрi-жастың жаппай темекi тартуына мүдделi. 2008 жылдың 22 қыркүйегiнде Еуропалық Комиссия темекiге қарсы күрестiң тағы бiр жобасын талқыға салды. Аталған құжатта ЕО құрамындағы елдерде темекi өнiмдерiне салынатын мемлекеттiк салықтар көлемiн шылымның бөлшек саудадағы бағасының 67 пайызына дейiн өсiру керектiгi айтылған. Басты мақсат: адамдардың денсаулығына төнетiн қатердiң алдын алу және кәрi құрлықтағы барлық елде темекiнiң бағасын бiркелкiлендiру. Қазiргi таңда Франция, Германия, Бельгия секiлдi басқа да мемлекеттерде бiр қорап шылым едәуiр қымбат тұрса, Люксембург пен ЕО-ға кейiннен қосылған көптеген елдерде темекi арзан. Немiстер мен француздар жерiнде контрабандалық жолмен әкелiнген темекi өнiмдерiнiң көбейiп кетуi осы себептi. Еуроодақ 2025 жылға дейiн темекi өнiмдерiн ашық саудадан мүлде алып тастауды мақсат етуде. Ал Ресейде мектептер мен колледждерде темекi тартқан мұғалiмдерге үлкен көлемде айыппұл салынады. РФ Тұтынушылық бақылау ұйымының жетекшiсi Геннадий Онищенко жуырда Ресейдегi әлемдiк алпауыт кәсiпорындарды "ресейлiктерге қарсы "никотиндiк геноцид” ұйымдастырды” деп айыптап, сотқа шағымданатынын мәлiмдедi. Батыстың көптеген елдерiнде қоғамдық орындарда шылым тартуға заң жүзiнде тыйым салынған. Францияда мұндай заңның күшiне енгенiне сегiз ай болыпты. Осы уақыт аралығында кафе, бар, мейрамханалардың қожайындары табатын пайда 10-15 пайызға қысқарса, жүрек пен қан тамырлары ауруынан көз жұматындар саны 15 пайызға азайыпты. Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының өкiлдерi темекi өнiмдерiн жарнамалайтын насихаттық шаралар толық әрi тұтас тоқтатылса, шылым шегетiндердiң саны 16 пайызға төмендейтiнiн көлденең тартады. Сондықтан көшелерде, бұқаралық ақпарат құралдарынан (газет, журнал, теледидар, радио, интернет сайттары, плакаттар мен билбордтар, қоғамдық көлiктердiң сырты т.б.) никотиндiк өнiмдердi аластау өте маңызды. Сонымен қатар түрлi халықаралық жарыстарда, әсiресе, жастар мен жасөсiпiрiмдер қатысатын сайыстарға демеушiлiк жасап, темекi өндiрушi кәсiпорындардың брэндтерiн жарнамалауға да тосқауыл қою қажет.
    ҚР "Темекi тартуды шектеу мен алдын алу туралы” Заңға сәйкес, темекi өнiмдерiн өндiрушiлер мен сырттан тасымалдаушылар жыл сайын iшкi нарыққа ұснатын өнiмдердiң құрамы туралы Үкiметке есеп беруге мiндеттi. 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап, қорап сыртындағы "Шылым шегу сiздiң денсаулығыңызға өте зиянды”, "балаларды темекi түтiнiнен қорғаңыздар”, "темекi шекпейтiндердiң өмiрi ұзақ” деген жазудағы әрiптер көлемi 30 пайызға үлкейтiлдi. Бұл — Қазақстан Халықаралық темекiге қарсы күрес жөнiндегi конвенцияға қол қойғаннан кейiнгi жаңалық. Оған дейiн адамдарға шылымның зарарын ескертетiн жазу тiптi, байқалмайтын. ҚР Денсаулық сақтау министрлiгiндегiлер келешекте 30 пайызбен шектелiп қалмай, 50 пайызға дейiн жеткiзудi көздеп отыр. Ескертуге езуiне темекi қыстырған 4 миллион отандас селт етсе жақсы... Нарықты зерттейтiн тәуелсiз агенттiк — "Бизнес сарап” таратқан ақпаратқа сүйенсек, 2008 жылы Қазақстандағы шылым өндiрiсi 28-29 млрд. дана (1,4-1,5 млрд. қорап) болмақ. Бұл көрсеткiш бүгiнде 25 млрд. дананың көлемiнде. Өнiм өндiру қарқыны тұтынушылық сұранысқа тәуелдi. 25 млрд. дананың 29 млрд.-қа өсiрiлетiнiне қарап, темекi тартатындардың саны өсiп келе жатқанын аңғарамыз. Қазiргi кезде iшкi нарықта екi компания — "Филипп Моррис Қазақстан” (56,4%) мен "Галахер Қазақстанның” (40%) үлес салмағы басым. Қалған бөлiк шет елдерден темекi тасымалдайтын компаниялардың еншiсiне тиедi. Еуропаның шылыммен күреске қатысты көтерген бастамасын қыркүйектiң ортасында "Темекi түтiнiнен азат Қазақстан үшiн!” ұлттық коалициясының өкiлдерi де қолдады. Салауатты өмiр салтын қалыптастыру мәселелерi жөнiндегi ұлттық орталықтың елiмiздегi iшiмдiк пен темекi өнiмдерiнiң заңды түрде сауда айналымына енгiзiлуiн жақсарту мақсатында жүргiзген сараптамалық зерттеу нәтижесiнде бiраз кемшiлiктiң бетi ашылыпты. Коалиция президентi Айқан Ақанов: "ЕО кеңесiне сәйкес, темекi өнiмiне салынатын жалпы салықтық салмақ 70 пайыздан (Қазақстанда — 26%), ал акциздiң үлесi 57 пайыздан (ҚР-да — 11%) кем болмауы тиiс. Сонымен қатар 2006 жылдың 1 шiлдесiнен бастап 1 мың дана шылымға салынатын салық жүгi 64 еуроға (10 370 теңге) теңгерiлдi. Бұл көрсеткiш Қазақстанда 58 есе төмен. Бiзде арақ-шарап пен темекiдегi акциздiң үлесi небары 2,03% немесе 2 337,0 млрд. теңгенiң 33,3 млрд. теңгесi ғана. Бюджетке түсетiн кiрiстiң көлемi 1 пайызға кем” дей келе, салық салмағын көтеру арқылы бюджетке түсетiн кiрiстi 10 есеге дейiн көбейткен Таиландтың тәжiрибесiн көлденең тартады. Ал Салауатты өмiр салтын қалыптастыру мәселелерi жөнiндегi ұлттық орталықтың бас директоры Қазбек Төлебаев Үкiмет акциздiк мәселенi дұрыс жолға қойса, темекi өндiрушiлердiң тұтынушыларға қаржылық, психологиялық және денсаулыққа зиян тұрғысынан келтiретiн шығындарын өндiрiп алуға болатынын айтады. Сарапшылар пiкiрiнше, бiр қорап темекiнiң бағасын 10 пайызға жоғарылату дамыған елдердегi шылым шекпейтiндердiң санын 4 пайызға, дамушы елдерде 8 пайызға азайтады. Әзiрге темекiге қарсы күресте Қазақстан ұтылып жұр. Былтыр халықаралық Gallup компаниясы жүргiзген сауалнаманың "Соңғы бiр аптада шылым шектiңiз бе?” деген сұрағына бас изегендер саны Кубада — 40%, Қазақстанда — 35%, Эстония, Латвия, Әзiрбайжан, Индонезияда — 36%, Ресей мен Беларусьта — 37%, Литвада — 34%, Аргентина мен Қытайда — 33%,Украина мен Вьетнамда — 32%, Кипр, Мавритания мен Словакияда — 31%, АҚШ-та 24% болыпты. Ең төменгi көрсеткiш Нигерияның үлесiнде — 6%. Айтпақшы, тәулiгiне 10-12 шылым тартатындар жылдық уақыт өлшемiмен алғанда, темекiге 24 күнiн жұмсайды екен. Шылыммен "қоштаса” алмай жүрген отандастың құлағына — алтыннан сырға...
    Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ
    http://www.turkystan.kz/page.php?page_id=30&id=2680
    Хабарды орнатқан: Гүлдер
    www.massagan.com сайтынан
    Просмотров: 966 | Добавил: наркология | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz